Тұман түсіп, үсік жүреді: еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Қазақстанның бірнеше өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
24 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ертең Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
24-25 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп болжанды. 25 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 24-25 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады деп болжанып отыр. Облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Сейсенбі Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
24 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанды. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ертең түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Сейсенбі Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
24 қыркүйекте Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ертең түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді деп болжанды. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Сейсенбі Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады
24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ертең Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болады.
Сейсенбі Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
24 қыркүйекте Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165017-tuman-tusip-usik-zhuredi-elimizding-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/