Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілері әулеті тұрады (видео)

Жарияланған күні:

Талғат Оразбаев
Талғат Оразбаев. Скриншот: youtube.com/@tv24kz

Шымкентте ұрпақтар сабақтастығын сақтаған автобус жүргізушілері тұрады. Олардың жылдап жинаған жалпы еңбек өтілі ғасырға ұласып, ата жолын әке мен ұлдар жалғаған, деп KAZ.NUR.KZ 24.kz телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Талғат Оразбаев қоғамдық автобусты 30 жылдан бері басқарып келеді. Әр таңда медициналық бақылаудан өтіп, көліктің техникалық тексерісін қадағалайды. Ол алғашында ата жолымен ауылшаруашылық техникаларын жөндеуге әуес болған. Кейін қалаға қоныстанған соң автопаркке орналасқан. Қазір 35-бағыттың кестесінен кешікпей еңбек етіп жүр.

"Көңіл бөліп тұрады. Жылына еңбек демалысына шығарады. Айлығымыз уақытылы. Көпшілікке жағамыз деп жүрміз. 30 жылдан асып бара жатыр. Осы саладан енді зейнеткерлікке шығамыз деп отырмыз", - деді Талғат Оразбаев.

Тәжірибелі еңбек адамының ұлдары да жүргізуші мамандығын таңдап, ұрпақтар сабақтастығын жалғады. Үлкен баласы Айдар Астана қаласында автобус айдайды. Ал Жандар болса кондукторлықтан бастап әке тәлімін алып келеді. Осылайша, әулеттің жылдап жинаған жалпы еңбек өтілі ғасырға ұласты.

"Қазір енді барлығы автоматты түрде болып қалған. Камера бар 360 градус, барлығын көріп отырамыз. Жолаушының түскен, мінгенін көріп отырамыз. Бала-шағамыз өсіп жатса, осы жұмыс өзіне ұнап жатса, қарсы емеспін", - деді Жандар Жұнсалиев.

Автопарктің қоғамдық көліктері арқылы күнделікті 23 бағыт бойынша мыңдаған жолаушы тасымалданады. Ол үшін жоғары санатты 296 жүргізуші қызмет көрсетеді. Мекеме басшылығы Оразбаевтарды көпке үлгі етеді.

"Оразбаев Талғат мырза өзінің ұлдарымен жан-жақты жауапкершілігімен көзге түскен үлгілі жүргізуші болып саналады біздің мекемеде. Қазіргі таңға дейін жол ережесін бұзу мен апатты жағдайға түсу тіркелмеген", - деді жолаушылар тасымалы компаниясы директорының орынбасары Әбдібек Үкібаев.

Еске салайық, Шымкентте коллекционер тұрғын үй ауласын ұлттық нақышта безендіргенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165115-shymkentte-qogamdyq-kolik-zhurgizushileri-auleti-turady-video/