Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда той кортежі жолда апатты жағдай тудырды (видео)

Жарияланған күні:

Жол қозғалысын бұзған жүргізушілер
Той кортежі. Видеодан кадр: Павлодар облысының полиция департаменті

Павлодарда той кортежі видеоға түсіп қалды – үш көліктің жүргізушісі жол ережесін бұзған. Сондай-ақ видеодан ер адамның көліктің төбесінен сыртқа шығып тұрғанын байқауға болады. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, павлодарлық полицейлер жол қозғалысы ережесін қасақана бұзған жүргізушілерді анықтау үшін әлеуметтік желілерді бақылап отырады.

"Мысалы, мониторинг барысында Павлодардағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында той кортежінің үш жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталды", - деді Павлодар облысы полиция департаменті өкілі.

Жол ережесін бұзып, апатты жағдай тудырған Toyota мен Lexus көліктерінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау талаптарын орындамағаны үшін BMW автокөлігінің жүргізушісіне 5 АЕК (18 460 теңге) көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік материал толтырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165298-pavlodarda-toi-kortezhi-zholda-apatty-zhagdai-tudyrdy-video/