Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жиырмаға тарта ұшақ керек": су тасқынынан Төтенше жағдайлар министрлігі қандай сабақ алды

Жарияланған күні:

Шыңғыс Әрінов
Шыңғыс Әрінов. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ведомство тасқыннан кейін бірқатар шаруа атқарып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жедел әрекет ету үшін ұшақтар сатып алынатынын, вдомствоға қарайтын ұшқыштар қолайсыз ауа райы жағдайына ұшуға үйретілетінін, құтқарушылардың киім-кешегі еліміздің кез келген түкпірінде жұмыс істеуге шыдас беретіндей жасалатын айтты.

Министрдің сөзінше, құтқарушыларды арнайы киім-кешекпен және құрал-жабдықпен қамтылуы қаралып жатыр.

"Төтенше жағдай министрлігіне бірнеше ұшақ керек. Алдағы уақытта 20 өңірде 20 әуе жасағы болуы керек. Сонда қауіпсіздік қамтамасыз етіледі, кадрлар даярланады. Жас мамандар ұшқыш мамандығын меңгереді. Қазіргі таңда жоспар бойынша лизинг арқылы біз 3 Ми-8 АМТ тікұшағын аламыз және 4 Ка-32 тікұшағын аламыз. Сондай-ақ Қазақстан тарихында бірінші рет 4 L-410 чехиялық ұшақты аламыз. Әзірге төрт ұшақ: батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстіке бір-бірден", - деді ол.

Министр Шыңғыс Әріновтен журналистер ұшақтарға бюджеттен қанша ақша бөлінетінін сұрады.

"Бұл техниканың бәрі қазіргі нарықпен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Екіншіден, қажет қозғалтқыштары, құрал-жабдықтары, қызмет көрсетуі бәрі бірге жаңа технология кіріп жатыр", - деді ол.

Ал ұшақтарға нақты қанша сома жұмсалатынын айта алмайтынын, жазбаша жауап беретінін мәлімдеді.

Бұған дейін су тасқыны: қанша қазақстандық отбасына көмек берілгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165386-zhiyrmaga-tarta-ushaq-kerek-su-tasqynynan-totenshe-zhagdailar-ministrligi-qandai-sabaq-aldy/