Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: Қазақстанда баспананы сақтандыру туралы жоба әзірленіп жатыр

Жарияланған күні:

Су тасқыны
Су тасқыны. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов баспананы сақтандыру туралы жоба әзірленіп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министр мұндай тәжірбие халықаралық тәжірибеде бар екенін алға тартты.

"Қиындықтар бар, өйткені бұл елімізде қолданылмаған тәжірибе. Әлемдік тәжірибеде бар, бірнеше елде әрқилы түрі бар. Сақтандыру компаниялары қауіп аймағындағы тұрғын үйлер тұрған жерге қуана бармайтынын түсініп отырмыз. Сондықтан сақтандыру жағдайы мен төлемдерге байланысты мәселелер бар", - деді ол.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қаржы маманы ретінде сақтандыруды қолдайтынын айтты.

"Біз баспана су тасқыны аймағында тұрған жағдайда оған сақтандыру қажет екенін айтып отырмыз. Бұл барлық үйге қатысты емес. Мен тасқын аймақтарында тұрған үш, төрт қабатты үйлерді көрдім, бұл адамдар да мемлекеттен көмек алды", - деді Қанат Шарлапаев.

Министр Шыңғыс Әрінов үкімет отырысында су тасқынынан келген шығынның көлемін ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мүлікті төтенше жағдайлардан сақтандыру механизмі пысықталып жатқанын айтты. Үкімет отырысында су тасқыны салдарын жою және оның алдын алу тақырыбы талқыланған еді.

Айта кетейік, министр Шыңғыс Әрінов сондай-ақ жедел әрекет ету үшін ұшақтар сатып алынатынын, вдомствоға қарайтын ұшқыштар қолайсыз ауа райы жағдайына ұшуға үйретілетінін, құтқарушылардың киім-кешегі еліміздің кез келген түкпірінде жұмыс істеуге шыдас беретіндей жасалатын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165433-su-tasqyny-qazaqstanda-baspanany-saqtandyru-turaly-zhoba-azirlenip-zhatyr/