Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

Жарияланған күні:

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pxhere.com

Бүгін, 24 қыркүйектен бастап Астанада жылыту маусымы басталды. Тұрғын үйлерге жылу кезең-кезеңімен беріле бастады, деп KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаладағы барлық нысандарды толық қосу екі-үш күн ішінде жоспарланып отыр. Бұған дейін әлеуметтік нысандарға (мектептер, балабақшалар, емханалар) өтініштері бойынша жылу қосылған еді.

Сонымен қатар, Астанада жылыту маусымына дайындық және оны өткізу ережелеріне сәйкес, тұрғын үйлерге жылу сыртқы ауаның орташа температурасы +10 градустан төмен болғанда және бес күн бойы осы температура сақталған жағдайда беріле бастайтыны айтылды.

Былтыр елордада жылыту қазан айының басында қосыла бастаған. Алдымен бірқатар әлеуметтік нысандар қосылып, бірнеше күннен кейін қаладағы қалған барлық ғимараттарға жылу беріледі деп жоспарланған еді.

Алматы тұрғындарына келсек, жылыту маусымына дайындық және оны өткізу ережелеріне сәйкес, жылыту сыртқы орташа температура +8 градустан төмен болғанда және бес күн бойы осы температура сақталғанда басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165446-astanada-turgyn-uilerge-zhylu-berile-bastady/