Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алғаны үшін сотқа тартылды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада сот жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорынан пара алған мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына үкім шығарды. Бұл туралы қалалық соттардың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Соттың Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Т.-ға қатысты пара алу факті бойынша істі қарады.

Сот мәліметінше, Т. Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бөлім басшысы лауазымын атқара отырып, қарамағындағылар арқылы "С" ЖШС директорынан артық төленген қосылған құн салығын қайтарғаны үшін 3,6 млн теңге көлемінде пара алған деп айыпталған.

Сотталушының кінәсі өзінің қылмыстық әрекетін мойындауымен, куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және іс материалдарымен дәлелденді.

"Сот оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген сот хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 50-ден 60 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу не 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165478-astanada-memlekettik-kirister-departamentining-basshysy-para-algany-ushin-sotqa-tartyldy/