Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасөспірімдер арасындағы суицидке мобильді ойын себеп деген ақпарат рас па

Жарияланған күні:

Жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі сурет: pixabay.com

Желіде жасөспірімдер арасындағы суицидке смартфондағы қауіпті ойындар себеп болған деген сыңайда ақпарат тарай бастады. Factcheck.kz редакциясы осы ақпаратты тексерген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қауіпті ойындар арасында көп айтылғаны — Schoolboy Runaway ойыны. Хабарламаларда бұл ойын балаларды үйден қашуға және ата-анасын алдап кетуге үйретеді делінген.

"Құрметті ата-аналар, маңызды өтініш. Балаларыңыздың телефондарында бұл қауіпті ойынның бар-жоғын тексерулеріңізді сұраймын. Бұл ойын өте зиян және орнатылған болса, оны бірден өшіру керек. Сонымен қатар балаңызбен бұл ойынның неге қауіпті екенін талқылаған маңызды. Бұл ойын балаларды үйден қашуға және ата-аналарын тыңдамауға үйретеді, оның зардабы ауыр болуы мүмкін", - делінген бір хабарламада.

Factcheck.kz сайты ойынды жүктеп, сынап көрген. Кейін YouTube-тан бірнеше сағаттық видеоларын қарап шыққан. Редакция ойыннан суицидті насихаттайтын ақпарат таппағанын хабарлады.

Мобильді ойын
SCHOOLBOY RUNAWAY ойынының логотибі. Фото: App Store

Schoolboy Runaway — жасөспірімдер арасында танымал ойындардың бірі. Ойынның сюжеті бойынша бас кейіпкер Андрей ата-анасынан қашып, ойнау үшін үйден шығуға тырысады. Ата-анасы стереотипті көрсетілген. Әкесі үнемі теледидардан футбол көріп, қолында сыра бөтелкесімен сүйікті командасын сынап отырады, ал анасы үй шаруасымен айналысады – тамақ дайындап, гүлдерге су құяды. Екеуі де балаға оқулық ұстатып, оны қозғалмастан бөлмеде отыруға мәжбүрлейді. Бала қашу кезінде ұсталып қалса, оны жазалайды.

Factcheck.kz жазуынша, бұл ойын шынайы өмірде қолданылатын нақты нұсқауларды ұсынбайды. "Мобильді ойын балаларға үйден қашуды және ата-аналарына бағынбауды үйретеді" деген пікір шын мәнінде үстірт. Әрбір ойын өз ережелері мен талаптарын ғана көрсетеді. Мысалы, стратегия ойындарында қалалар мен империялар салынады, ал атыс ойындарында қару қолданылады, бірақ мұндай ойындар өмірлік нұсқаулықтар ретінде қарастырылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165485-zhasospirimder-arasyndagy-suitsidke-mobildi-oiyn-sebep-degen-aqparat-ras-pa/