Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жаппай төбелес: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері оқиғаға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Төбелесіп жатқан адамдар
Төбелес. Көрнекі фото: mrohana/Getty Images

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері жастар арасындағы жаппай төбелеске пікір білдірді. Жанжал университеттен тыс болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бостандық ауданы полиция басқармасының хабарлауынша, бұл оқиға 24 қыркүйек сағат 02:52-де Попов пен Бальзак көшелерінің қиылысында болған. Тараптар арасындағы қақтығыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағынан тыс жерде тіркелді. Қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген жауапта.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жаппай төбелес болғаны хабарланған еді. Полиция департаменті өкілдері 20 шақты жас жігіт ұсталғанын хабарлады.

Полиция департаменті өкілдері осы жайтқа байланысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірілді.

"Бостандық аудандық полиция бөлімі 20 адамға қатысты қылмыстық іс қозғады, оқиғаның барлық қатысушыcы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165503-almatydagy-zhappai-tobeles-al-farabi-atyndagy-qazuu-okilderi-oqigaga-pikir-bildirdi/