Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтық ісі бойынша сотталған кәсіпкер Тілеубаевқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: piqsels.com

Астана сотында банк акционері Нұрлан Тілеубаевтың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарылды. Үкім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды қалалық соттың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2024 жылғы 19 шілдеде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі көлемде алаяқтық жасады Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпталған Т.-ға қатысты үкім шығарылған.

2015 жылы Т. "D. АҚ банкінің нақты меншік иесі (ірі акционері) және құрамына 140 заңды тұлға кіретін "А." компаниясы тобының басшысы бола отырып, алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы банктен өзінің бақылауындағы компанияларға ақшалай қаражатты қарыз ретінде (формальды түрде жасалған (жалған) және іс жүзінде орындалмайтын астық сатып алу-сату шарттары бойынша кредиторлық міндеттемелерді (берешекті) қайта қаржыландыру) аудара отырып, "Н." АҚ-ның мемлекеттік ақшалай қаражатын аудару жолымен 4 млрд теңгеден астам сомада ұрлап әкеткен.

Банктің бұл ақшалай қаражаты "Н." АҚ-нан «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қайтарымдылық, нысаналы пайдалану және ақылылық шарттарында қаржылық сауықтыру үшін түскен.

Сонымен қатар 76 мың тоннаға жалған астық қолхаттары, болашақта 4,8 млрд теңге сомасына ЖШС-не түсетін ақшалай қаражат, сондай-ақ жалпы саны 16 541 га ЖШС-ке тиесілі ауыл шаруашылығы жер учаскелері кепіл мүлкі болған, оның 14 767 га-ы ЖШС жер пайдаланушыларының (пайшыларының), яғни СҚО тұрғындарының келісімінсіз салынған.

2016 жылы қарыз бойынша төлемдерді жүзеге асыру тоқтатылды және жер учаскелері бойынша барлық құқықтар (талаптар) толық көлемде "Н." АҚ-на берілген.

Осыған байланысты, сотталушы Т.-ның іс-әрекеттерімен ЖШС-нің жұмыс істеп тұрған қатысушыларының (пайшыларының) уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығы бұзылды, нәтижесінде ЖШС қатысушылары ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған мемлекеттен бөлінген жер учаскелерінен жер пайдалану және осы жер учаскелерін пайдаланудан дивидендтер (пайлар) алу құқығынан айырылған.

Қылмыстық кодекстің 56-бабы 6-бөлігінің негізінде осы үкім бойынша Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының 26.06.2023 жылғы тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сотталушы Т.-ға түпкілікті қаржы ұйымының, банк және сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойы тыйым салынып, қаржы және коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық жауапты және басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Апелляциялық шағымдарда сотталған мен оның адвокаты ақтауды, жәбірленуші мен мүдделі тұлға үкімді өзгертуді сұрады.

Сотталғанның кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, маманның, сараптаманың және аудитордың қорытындылармен дәлелденгендіктен үкім өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165517-alaiaqtyq-isi-boiynsha-sottalgan-kasipker-tileubaevqa-qatysty-sot-ukimi-ozgerissiz-qaldy/