Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ соққыға жығылған Ұлттық ұлан сарбазына қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Сарбаз
Сарбаздың аяқ киімі. Көрнекі фото: pixabay.com

ІІМ Ұлттық ұлан сарбазының соққыға жығылғаны түсірілген видеоға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлйды.

ІІМ мәліметінше, әлеуметтік желіде пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан видео анықталды. "Бұл 2023 жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер үйге оралған кезде болған.

"Осы факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі "Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды", - делінген хабарламада.

Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар қабылданды.

Тергеу барысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың жеке бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165535-iim-soqqyga-zhygylgan-ulttyq-ulan-sarbazyna-qatysty-malimdeme-zhasady/