Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сабаққа 5 минут қалғанда кіргізеді": Ақтауда мектеп кіреберісіндегі кептелістің видеосы тарады

Жарияланған күні:

Балалар кіреберіске сыймауда
Мектептегі жағдай. Фото: Lada.kz

Ақтау мектептерінің бірінде оқитын оқушылардың ата-аналары екінші ауысымдағы оқушыларды сабаққа бес минут қалғанда ғана кіргізетінін айтты. Соның салдарынан кіреберіс алдында балалар кептеліп қалатынын көрінеді. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Екінші ауысымда оқитын балалардың ата-аналарының сөзінше, оқушылар далада тұруға мәжбүр, рұқсатсыз кіргізбейді. Дәлел ретінде редакцияға балалардың мектеп есігін итеруге тырысқаны бейнеленген видео жіберілген.

"Қызым үнемі мектепке кіру мүмкін емес екенін, оларды сабақтың басталуына 5 минут қалғанда ғана кіргізетінін айтатын. Өзім барып көз жеткізейін дедім.

Шынымен. Кіріңдер дегенше бәрі сыртта тұрады. Содан кейін жүздеген бала сыныптарына уақытында жету үшін есіктен сығылысып өтуге тырысады. Мен вахташыдан неге бұлай болып жатқанын сұрадым, олар бұл директордың бұйрығы екенін айтты", - дейді аналардың бірі.

Қалалық білім бөлімі жағдайды бақылауға алғанын хабарлады. Ата-аналар мұндай жағдайдың күнде болатынын алға тартқанымен, мектеп басшылығы бүгінгі оқиғаның бір реттік екенін айтты.

"Сағат 13:45-те мектепте жиналыс болды, сондықтан кезекші мұғалім уақытында түсе алмады. Бұл уақытта кіреберісте балалар жиналып қалған.

Мектепте 3 блок және әрқайсысына жеке кіреберіс бар. Бүгінгі жағдай бір ғана блокта болған. Кезекшілік күн сайын бақыланады. Осы жағдайға байланысты жауаптыларға ескерту жасалд"ы, - деп хабарлады білім басқармасының өкілі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 қыркүйекте мектептегі жағдай түзетіліп, ешқандай кептеліс болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165583-sabaqqa-5-minut-qalganda-kirgizedi-aqtauda-mektepting-kireberisindegi-keptelisting-videosy-tarady/