Шымкентте есірткі жарнамалады деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды (видео)
Жарияланған күні:
Шымкентте граффити түрінде есірткі жарнамалады деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлері "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында граффити түрінде есірткі жарнамалағаны үшін Д. есімді азаматты ұстаған.
"34 жастағы қала тұрғынының үйінен есірткі сататын сайттарды ғимарат қабырғаларына бейнелеуге арналған 6 дана трафарет табылып, тәркіленді. Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тергеу әрекеттерін бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Есірткі заттарын насихаттағаны және заңсыз жарнамалағаны үшін заңнамаға сәйкес 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.
Еске салайық, Алматы облысы Балқаш ауданында шаруа қожалығы аумағында есірткі плантациясын ұйымдастырды деген күдікпен 50 жастағы ер адам ұсталған еді.
Сондай-ақ Астана полицейлері көлікті тінту кезінде есірткі заты бар 35 пластик пакет тапқанын жазғанбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165635-shymkentte-esirtki-zharnamalady-degen-kudikpen-34-zhastagy-azamat-ustaldy-video/