Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз": ТЖД өкілдері Жамбыл облысының тұрғындарына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Сирена
Сирена. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға 26 қыркүйекте оқу-жаттығу аясында сиреналар іске қосылатынын айтып, үндеу жасады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тиісті ақпарат облыстық ТЖД Telegram-дағыарнасында пайда болды.

"Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылғы 26 қыркүйекте сағат 11.00-де "Бекет-2024" ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығу аясында облыс аумағында электросиреналар мен сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қосу және теле-радио арналарын үзіп тарату арқылы "Баршаның назарына!" сигналын беру жүргізілетіндігін хабарлайды. Тыныштық сақтауларыңызды өтінеміз!", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Жамбыл облысында ауыл тұрғынының отқа оранған көліктен бес адамды алып шыққаны туралы жазған болатынбыз. Көкжелек ауылының тұрғыны жұбайымен бірге Алматыдан үйіне қайтып келе жатқан. Ауылдастарының қиын жағдайға түскенін көрген азамат бірден көмекке ұмтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165643-tynyshtyq-saqtaularyngyzdy-suraimyz-tzhd-okilderi-zhambyl-oblysynyng-turgyndaryna-undeu-zhasady/