Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

143 млн теңгеден астам шығын келген: Астанада заңсыз майнингтік ферма анықталды

Жарияланған күні:

Майнинг
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігі елорда аумағында тиісті лицензиясыз цифрлық активтерді заңсыз өндіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ҚМА Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ҚМА ақпаратынша, күдіктілер 2022 жылдан бастап 2024 жылдың мамырына дейін Астана қаласының аумағында ай сайынғы электр қуатын тұтынуы мегаполистегі бір тұрғын алабының қажеттілігімен парапар болатын, қозғалтқыштарды өңдеу орталығының түрінде жасырылған майнингтік ферманың қызметін ұйымдастырған.

Аталған кезеңде өндірілген заңсыз цифрлық активтердің құны 143 млн теңгеден асқан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 1 300-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар және қосалқы трансформаторлық станция тәркіленді.

Бұдан басқа олардың электр энергиясы үшін 25,3 млн теңге сомасына төлем жасамағаны анықталды.

ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165656-143-mln-tenggeden-astam-shygyn-kelgen-astanada-zangsyz-mainingtik-ferma-anyqtaldy/