Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жаңа Су кодексі қабылданады

Жарияланған күні:

Қараөзек су қоймасы
Қараөзек су қоймасы. Көрнекі фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ өткен брифингте ведомство құрылғаннан бері атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Орталық коммуникациялар қызметінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бір жылдың ішінде негізгі 2 құжат әзірленген. Біріншісі, 2030 жылға дейін су ресурстарын басқаруды дамытудың тұжырымдамасы бекітілді. Онда жалпы 160 жуық іс-шара қарастырылған, оның ішінде, 42 жаңа су қоймасын салу, 37 су қоймасын қалпына келтіру жоспарланған.

Бұл 2 млрд текше м суды жинауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 14,5 мыңнан астам шақырым ирригациялық жүйелер қалпына келтіріледі.

"Екіншісі – жаңа Су кодексі. Құжат қазір мәжілістің қарауында және жыл соңына дейін қабылданбақ. Сонымен қатар иесіз қалған су шаруашылық нысандары мемлекет меншігіне қабылданды, т.б. жұмыстар атқарылды, бұл жалғасын табады", - деді вице-министр баспасөз конференциясы барысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165782-elimizde-zhanga-su-kodeksi-qabyldanady/