Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірінде жаңбыр мен қар жауып, -7 градусқа дейін суытады

Жарияланған күні:

Алматыдағы жаңбыр
Алматыдағы жаңбыр. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Синоптиктер 26-28 қыркүйек аралығында елімізде ауа райын болжады. Қазақстанның кей жерлерінде қар мен жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуімен, республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, республикамыздың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі. Түнде ауа температурасы -2...-7 градусқа дейін төмендейді.

Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, орталығында Солтүстік-батыс антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +20...+27°С дейін, солтүстікте, орталықта +15...+23°С дейін, оңтүстікте +18...+25°С дейін, оңтүстік-шығыста +12...+20°С дейін баяулап көтеріле бастайды. Ал еліміздің шығысында ауа температура +3...+11°С шамасында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165803-aldagy-kunderi-qazaqstannyng-kei-ongirinde-zhangbyr-men-qar-zhauyp-7-gradusqa-deiin-suytady/