Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұзынағашта атыс даусы естілді: Алматы облысы әкімдігі өкілдері пікір білдірді (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ұзынағаш
Ұзынағаш. Видеодан кадр: tiktok.com/@chelovek.pauk.kz

Желіде Ұзынағаштағы үйлердің маңында атыс дауысы шыққаны түсірілген видео тарады. Алматы облысының әкімдігі өкілдері ауылдағы оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

TikTok желісінде Ұзынағаштағы тұрғын үйлердің маңында атыс дауысы шыққан видео тарады.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 2024 жылғы 16 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығында Жамбыл ауданында әскери кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтіп жатқанын хабарлады.

Оқу-жаттығулар "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдары, Алматы облысы әкімдігінің Жұмылдыру дайындығы басқармасының және аумақтық қорғаныс бригадасы, облыс әкімдігінің қаулысының негізгі іс-шаралар жоспары негізінде ұйымдастырылды.

Ведомство өкілдері оқу-жаттығуларға Алматы облысы Жамбыл ауданы аумақтық қорғаныс бригадасы бөлімінде, батальон бөлімінде және аумақтық қорғаныс батальонының күзет ротасында есепте тұрған әскери қызметшілер қатысып жатқанын мәлімдеді.

"Жаттығулар барысында қолданылатын оқ-дәрілер тек зиянсыз, жаттығу мақсатында ғана қолданылатын оқтар екенін ескертеміз. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды және жаттығу шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Әскери жиындарға қатысты барлық ресми мәлімет тек тиісті құзырлы органдар тарабынан беріледі. Жалған ақпарат тарату ел ішінде алаңдаушылық туғызуы мүмкін және мұндай әрекеттер заңға қайшы екенін ескертеміз. Ортақ қауіпсіздігіміз үшін тек дұрыс ақпаратқа сүйеніп, сабырлық танытуларыңызды өтінеміз", - деп ескертті Жамбыл аудандық әкімдігі өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165854-uzynagashtagy-atys-tusirilgen-videoga-qatysty-almaty-oblysy-akimdigi-okilderi-pikir-bildirdi/