Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1 млрд теңгеден астам шығын келген": Ұлытау облысында марганец рудасы заңсыз өндірілген

Жарияланған күні:

Кеніш
Кеніш. Көрнекі фото: pixabay.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау өңірінде марганец рудасын рұқсатсыз өндіруге және кейін оны заңдастыруға қатысты тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аталған азамат 2020-2023 жылдар аралығында ешқандай рұқсат құжаттарынсыз Ұлытау облысындағы "Восточный карьерінен" марганец рудасын заңсыз өндірумен айналысқан. Қылмыс "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ-ның аэроғарыштық суреттерінің көмегімен анықталды.

Жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактілерін тергеп-тексеру барысында карьер орналасқан жер учаскесін пайдалану жөніндегі уәкілетті органдардан берілмегені, сондай-ақ жоғарыда аталған азаматтың тиісті тіркеуі жоқ екені анықталды.

Кейіннен күдікті жалған шот-фактураларды жазып, заңсыз өндірілген марганец рудасын заңдастырып, республика бойынша және шет мемлекеттерге өткізген.

"Марганец рудалары өнеркәсіптің әртүрлі салаларында – металлургияда, химияда, керамикада, шыныда, ал оның қосылыстары – фармацевтика өнеркәсібінде қолданылады. Мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келген.

Заңсыз өндірілген кен көлемі 16 мың тоннаны құрап, жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асады. Күдіктінің 337 млн теңгенің жылжымалы және жылжымайтын мүлкі тәркіленді", - делінген хабарда.

ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2166688-1-mlrd-tenggeden-astam-shygyn-kelgen-ulytau-oblysynda-marganets-rudasyn-ruqsatsyz-ondirgen/