Қазақстанда бомбадан қорғанатын орындар бар ма, олар қандай жағдайда: ТЖМ өкілдері жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен брифингте ведомство өкілдері Қазақстанда бомбадан қорғанатын орындар бар-жоғын және олардың қандай жағдайда екенін айтты. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Біздің заңнамада "бомбапана" деген термин қолданылмайды. Оның орнына нормативтік құқықтық актілерде "азаматтық қорғаныстың қорғаныс ғимараты" деген термин қолданылады. Бұрын Кеңес Одағы кезінде халыққа ақпарат берілетін. Ол кезде ел үнемі соғысқа дайын болуы керек және азаматтық қорғаныс мәселесі бойынша бомдадан қорғанатын орындар туралы бәрі білуі керек болатын.
Қазір біздегі азаматтық қорғаныс ғимараттары – бұрыннан қалған Кеңес Одағының мұрасы. Бізде бар, сол күйінше сақтап отырмыз. Бірақ олар соғыс уақытында жұмысын жалғастырып жатқан ұйымдарға тиесілі", - деді Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерсұлтан Тұрмаханов.
Ол жертөлелерді, жерасты автотұрақтарын және қала инфрақұрылымының басқа да жер астындағы ғимараттарды пайдалануға болатынын айтты.
"Азаматтық қорғаныс объектілерінің орналасқан жері мен саны құжаттарға сәйкес "қызметтік мақсатта қолданылады" делінген, санын айта алмаймыз. Ал халық паналай алатын орындардың жалпы саны бүгінде 14 мыңға жуық нысанға жетеді", - деді ТЖМ өкілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2166993-qazaqstanda-bombadan-qorganatyn-oryndar-bar-ma-olar-qandai-zhagdaida-tzhm-okilderi-zhauap-berdi/