Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ірі көлемде есірткі жеткізетін арна жойылды

Жарияланған күні:

Тәркіленген есірткі
Тәркіленген есірткі. Видеодан кадр: ҚР ІІМ

Астанада полиция ірі көлемде есірткі жеткізетін арнаны жойды. Бұл туралы Polisia.kz сайты Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Басылым мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола облысының аумағына ірі көлемде есірткі жеткізушінің ісіне тосқауыл қойылған.

Ақмолалық жедел уәкілдер елордада ұстау кезінде заңсыз айналымнан 34 келіге жуық марихуана тәркілеген.Бұл қара нарықтағы құны 34 млн теңгені құрайтын 7 мыңға жуық дозаға тең. Сонымен қатар құны 5 млн теңге болатын 500-ден астам дозаға тең 2 келіден астам гашиш табылды.

54 жастағы ер адам есірткіні тек өзінің үйінде ғана емес, жалға алынған жертөледе де сақтаған. Мұнда полиция қызметкерлері есірткі заттарын орауға арналған құрылғыларды тәркіледі.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2167242-aqmola-oblysynda-iri-kolemde-esirtki-zhetkizetin-arna-zhoiyldy/