Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан тауларында Латвиядан келген туристер жоғалып кетті

Жарияланған күні:

Латвия азаматарын іздеу операциясы
Латвия азаматарын іздеу операциясы. Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Жетісу облысындағы Ақтау тауында Латвиядан келген екі турист күтпеген жерден жолдан адасып, топпен байланысын жоғалтып алған. Салдарынан ауқымды құтқару операциясы орындалды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-дағы арнасында.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Қазақстанға туристік фирма арқылы келген туристер Басши ауылынан 44 шақырым жерде орналасқан тау сілемін тамашалауға жолға шыққан. Алайда олар бағыт-бағдар мен байланысты жоғалтқан. Таудағы ауа райының бұзылуы мен қараңғының түсуі жағдайды қиындатқан.

Жоғалғандарды іздеуге Кербұлақ аудандық полициясы, ТЖД, еріктілер мен орманшылар жұмылдырылды. Операцияға тікұшақтар мен дрондар тартылып, таулы жерді әуеден мұқият зерттеуге мүмкіндік берді.

Үмітін үзген туристер күтпеген жерден тікұшақтың дауысын естіп, белгі бере бастаған. Көп ұзамай учаскелік полиция инспекторлары оларды анықтаған. Қажетті көмек көрсеткен құтқарушылар туристерді қауіпсіз жерге шығарып салды.

Туристер оларды құтқаруға атсалысқандардың барлығына алғысын білдіріп, қазақстандық полицияның жоғары кәсібилігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2167336-qazaqstan-taularynda-latviiadan-kelgen-turister-zhogalyp-ketti/