Қауіпті ойындар, алкоголь немесе есірткі: ІІМ өкілі балалар өлімінің себептерін атады
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін ведомствода өткен брифингте ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидке қарсы күрес жұмыстарының нәтижелері туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Әлекешев әр дерек бойынша полицейлер балаларды мұндай әрекетке итермелеген себептерді, сондай-ақ оған қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізетінін айтты.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсаудың себептері мыналар болуы мүмкін:
- жалғыздық сезімі және шеттетілу;
- қиын қаржылық жағдай;
- ата-анамен және туыстарымен тіл табыса алмау;
- оқудағы қиындықтар;
- ата-анасының ажырасуы;
- жақын адамның қайтыс болуы;
- жазадан қорқу және т.б.
"Айта кетейік, өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің нақты себептері тергеу қорытындысынан кейін ғана белгілі болады. Өз-өзіне қол жұмсау және оған оқталу фактілерінің 14 фактісі бойынша кәмелетке толмағандар алкогальге мас күйде болған. Бір жағдай бойынша жасөспірім есірткіге мас болғаны анықталды. Талдау көрсеткіштеріне сүйенсек, өз-өзіне қол жұмсау және оған әрекет жасау әрекеттерінің жені 15 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдік кезеңдегі балалар", - деді Әлекешев.
Оның айтуынша, заңсыз контентті, оның ішінде әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидті насихаттауға қатысты ресурстарды анықтау және бұғаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Жыл басынан бері жүргізілген мониторинг аясында суицидтік сипаттағы 43 интернет-ресурс анықталды, олар туралы ақпарат Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұғаттау туралы мәлімет жіберілді", - деді ол.
Ведомствоның ресми өкілі мессенджерлер арқылы қауіпті ойындар туралы жіберілген хабарламаларға да пікір білдірді.
"Мұндай ойындар суицидке бағыттамайды, бірақ оларда үлкендерден қашу және оларға бағынбау қаупін тудыруы мүмкін. Бұл балалардың психикасына және олардың әлеуметтік нормалар мен ережелерді қабылдауына теріс әсер етеді", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2167711-qauipti-oiyndar-alkogol-nemese-esirtki-iim-okili-balalar-olimining-sebepterin-atady/