Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоғамда резонанс тудырды": бас прокурор балалар арасындағы суицидке қатысты тапсырма берді

Жарияланған күні:

Берік Асылов
Берік Асылов. Фото: Бас прокуратура баспасөз қызметі

Бас прокурор Берік Асылов Х желісіндегі парақшасында балалар арасындағы суицид жағдайларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым.

Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді.

Сондай-ақ, қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеудеміз.

Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтін боламыз", - деді Асылов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2167975-bas-prokuror-berik-asylov-zhasospirimder-arasyndagy-suitsid-zhagdailarga-pikir-bildirdi/