Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қар аралас жаңбыр, көктайғақ, тұман": қазанда елімізде ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

қолшатыр ұстап саябақта серуендеп жүрген адамдар
Күз. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазанның ортасында елдің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болып, тұман түседі деп болжанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, қазан айының алғашқы онкүндігінде республиканың көп бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, 15-25 м/с дейін желдің күшеюі болжанып отыр.

Еліміздің солтүстік жартысында, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр қар аралас жаңбырға ауысуы мүмкін. Кей күндері антициклонның әсерінен жауын-шашын болмайды.

Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасының төмендейді. Атап айтқанда, республиканың батысында ауа температурасы түнде +3...+12°С-тан -3...+5°С-қа дейін, күндіз +18...+27°С-тан +13...+22°С-қа дейін; солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста түнде 0...+8°С-тан -1...-6°С-қа дейін, күндіз +17...+25°С-тан +5...+13°С-қа дейін төмендейді.

Елдің қалған аумағында ауа температурасында өзгеріс болады деп болжанды: оңтүстік-батыста, оңтүстікте түнде +10...+18°С-тан +7...+15°С-қа дейін, күндіз +23...+28°С-тан +20...+25°С-қа дейін; оңтүстік-шығыста түнде +5...+13°С-тан +10...+15°С-қа дейін, күндіз +20...+25°С-тан +15...+20°С-қа дейін жетеді..

Бірінші онкүндіктің соңында республика бойынша қайтадан күн жылынып, елдің солтүстік бөлігінде ауа температурасы +10...+18°С-қа дейін, ал оңтүстік және батыс бөлігінде +20...+28°С-қа дейін жылынады.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде елдің солтүстік жартысында барикалық құрылымдардың жиі алмасуымен ауа райы тұрақсыз болады деп болжанып отыр.

Елдің басым бөілігінде жаңбыр, қар аралас жаңбыр, екпінді жел, көктайғақ және тұман күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Дегенмен фронттардың күшеюіне байланысты кей күндері жауын-шашын көбінесе жаңбыр жаууы мүмкін.

Сонымен қатар ауа температурасында да өзгеріс болады. Мәселен батыс аймақтарда түнде -2..+6°С-тан 0...-8°С-қа дейін, күндіз +13...+23°С-тан +3+12°С-қа дейін; республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнде +3...+10°С-тан -1...-10°С-қа дейін, күндіз +10...+20°С-тан -2...+5°С-қа дейін; оңтүстікте, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста түнде +3+11°С- тан -1...-6°С-қа дейін, күндіз +18...+25°С-тан +8...+18°С-қа дейін ауа температурасы төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168037-qar-aralas-zhangbyr-koktaigaq-tuman-qazanda-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/