Маңғыстауда сарбаздарды соққыға жыққан әскери қызметші жазадан құтылып кетті
Жарияланған күні:
Соққыға жығылған қатардағы сарбаздар қызмет бабын асыра пайдалану бабы бойынша сотталған аға сержантты кешірді. Осылайша әскери қызметші қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті, деп хабарлайды "Диапазон"-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақтөбе сотында Маңғыстау облысында орналасқан 25744 әскери бөлімінің 1-шабуылдау батальонының оқ атумен қолдау ротасының аға сержантының ісі қаралды
Сотта әскери қызметші сарбаздардың жатын бөлмесіне кіріп, үш бірдей мерзімді әскери қызметшіні басынан жұдырықпен ұрғаны мәлім болды. Бұл әрекетке қатардағы жауынгердің казарма дәлізінде оның рұқсатынсыз жүргені себеп болған.
Тағы бір жағдайда ол шабуылдаушы батальондағы қатардағы жауынгерді насыбаймен ұстап алып, сол үшін әскерге шақырылған үш азаматтың бетінен шапалақпен, тағы екеуін жұдырықпен басынан ұрған.
Аға сержант "Билікті асыра пайдалану" бабы бойынша сотқа тартылған. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындағанымен, жәбірленушілердің арқасында жазадан босатылған.
Ол соққыға жыққан алты әскери қызметші оған ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, тараптар татуласқандықтан, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған.
27 жастағы ер адам тараптардың татуластығына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168127-manggystauda-sarbazdardy-soqqyga-zhyqqan-askeri-qyzmetker-zhazalanbady/