Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уақыт белдеуінің өзгеруі: Қазақстан азаматы сотқа үкіметке қарсы талап арыз түсірді

Жарияланған күні:

Ер адам арыз жазып отыр
Арыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Сотқа тұрғындардың бірі Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту бойынша үкіметтің үстінен талап арыз түсірген. Бұл туралы елорда соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астана сотының Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратына сәйкес, жауапкер Сауда және интеграция министрлігі атынан Қазақстан Республикасының үкіметіне талап қоюмен елорданың әкімшілік сотына жүгініп, онда:

  • "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы "Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы қаулысы заңсыз деп тануды;
  • Үкімет жанындағы жұмыс тобының 2024 жылғы 2 тамыздағы "уақытты қайтарайық" петициясын қанағаттандырудан және ақпаратқа қол жеткізуден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тануды;
  • 2024 жылғы 1 тамыздағы жауапты заңсыз деп тануды;
  • 2024 жылғы 27 тамыздағы жауапты заңсыз деп тануды сұраған.

Сот өкілдері талап қоюшының бастапқыда мәлімдеген талаптары әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтынын мәлімдеді.

Осыған байланысты соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыру шеңберінде сотта талап қоюшыға өз талаптарын нақтылау құқығы түсіндіріліп, талаптардың мәнін өзгерту (қорытынды шешімді және тиісті жауапкерді көрсету) ұсынылған.

"Сот белгілеген мерзімде сотқа әкімшілік талапты нақтылау немесе толықтыру туралы өтініш түскен жоқ.

Сондықтан талап қоюшы өз құқығын пайдаланбай, талаптарды нақтыламауына (өзгертпеді) байланысты талап қою қайтарылды", - делінген сот хабарламасында.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168154-uaqyt-beldeuining-ozgerui-qazaqstan-azamaty-sotqa-ukimetke-qarsy-talap-aryz-tusirdi/