Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісімен жанжалдасып қалған қазақстандық жігіт 15 тәулікке қамауға алынды

Жарияланған күні:

Жол бойындағы қыз бен жігіт. Көрнекі сурет
Жол бойындағы қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астанада қос ғашық сөзге келіп қалды, жанжал кезінде ер адам бойжеткенге бейәдеп сөздер айтқан. Сол үшін сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды елордалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана соттарының ресми Telegram-дағы каналында хабарланғандай, іс ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, Ш., қоғамдық орында бола тұра, қызғаныш салдарынан жәбірленуші Н.-мен жанжалдасып, оған былапыт сөйлеп, қоғамға сыйламаушылық білдірген.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

Н., басқа қызбен хат жазысқаны салдарынан қызғаныш пайда болып, жігіті Ш.-мен жанжалдасып қалғанын, Ш.-ның телефонын сөмкесіне салғанын, содан кейін ол телефонын алу үшін сөмкесін тартып алғанын көрсетті.

Орын алған құқық бұзушылық іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, іске қатысушылардың түсініктемелерімен, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталады.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Сот Б.-ны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.

Жаза тағайындау кезінде әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қоғамға теріс әсер ететін, қоғамды сыйламаушылықты көрсететін және мас күйінде жасалған әрекеттің дәрежесі мен сипаты ескерілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168331-suiiktisimen-zhanzhaldasyp-qalgan-qazaqstandyq-zhigit-15-taulikke-qamauga-alyndy/