Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ер адам әйелін күштеп жындыханаға жатқызып тастаған

Жарияланған күні:

ауруханада жатқан әйел
Науқас пен дәрігер. Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында отбасындағы жанжалдан кейін ер адам әйелін күштеп психикалық денсаулық орталығына апарып тастаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкіліне әйел хабарласып, отбасындағы жанжалдан кейін күйеуі мен оның екі досы өзін байлап, Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығына апарып тастағанын айтқан.

"Арызданушының сөзінше, күйеуі осы орталықтың қызметкерлерімен алдын ала келісіп, оны ақыл-есі кем деп орналастырған. Әйел емханада 3 күн болған. Сондай-ақ шағымданушы осы мекемеде болған кезде орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы жеткізді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ әйел Түркістан қалалық полиция басқармасына арыз жазғанын, олар алдымен қылмыстық іс қозғағанын, кейін 2024 жылдың тамызында іс жабылғанын айтты. Қазіргі таңда Түркістан қаласының прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, қылмыстық іс қайта қозғалған.

Еске салайық, сүйіктісімен жанжалдасып қалған қазақстандық жігіт 15 тәулікке қамауға алынғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168464-turkistan-oblysynda-er-adam-aielin-kushtep-zhyndyhanaga-zhatqyzyp-tastagan/