Бас прокурор қайғылы жол апаттары қай өңірде жиі болатынын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанның бас прокуроры Берік Асылов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтар жол апатынан жиі қаза болатын аймақтарды атап, прокурорларға тапсырма берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды
Бас прокурордың айтуынша, былтырмен салыстырғанда Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 90 пайызға артқан.
"Жол апатынан құрбан болғандар саны өсіп барады. Батыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Абай, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Шымкентте жол апаты көп.
Осыған орай, мен прокурорларға мемлекеттік органдармен бірге оның себептерін егжей-тегжейлі тексеруді тапсырдым. Бұл ретте нақты шаралар әзірленіп, бірінші кезекте жолдардағы апатты жағдайлары жиі болатын учаскелеріне назар аударылады", - деп жазды Асылов.
Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының көбейгенін хабарлаған болатын. Ведомство өкілдері жыл сайын Қазақстанда жол-көлік оқиғаларынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мыңнан астам адам түрлі жарақаттар алатынын мәлімдеген еді.
2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының салдарынан 981 адам қаза тауып, 12 мыңнан астам адам жарақат алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168605-bas-prokuror-qaigyly-zhol-apattary-qai-ongirde-zhii-bolatynyn-aitty/