Қазақстан президентінің архиві толығымен Астанаға көшеді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстан президентінің архиві Алматыдан Астанаға көшеді. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Kazinform.
Желілік басылым мәліметінше, "Қазақстан Республикасы президентінің архиві" республикалық мемлекеттік мекемесін көшіру келесі жылдың 1 наурызына дейін аяқталуға тиіс.
Бұдан бөлек, жарлыққа сәйкес, мекеме штаты 108-ден 168 адамға дейін өседі.
Мемлекеттік мекеменің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, архивте 1918 жылдан бастап еліміздің саяси тарихына қатысты құжаттар сақталған. Жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық сұраныстарын орындайды ("Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік қызметі), оқу залы арқылы өз қорларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168749-qazaqstan-prezidentining-arhivi-tolygymen-astanaga-koshedi/