Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, 37 адам құтқарылды

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: freepik.com

Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, 37 адам құтқарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ мәліметінше, Шымкенттегі Нұрсат-2 шағын ауданында 9 қабатты үйдің 6-қабатындағы пәтерде үй заттары жанған.

"ТЖМ күшімен өрт мүмкіндігінше қысқа мерзімде пәтердің басқа үй-жайларына таратылмай 15 шаршы метр алаңда сөндірілді. Сондай-ақ баспалдақпен 6 бала құтқарылды және 31 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Усть-Таловка кентіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде 3-қабаттағы пәтерде өрт шыққан еді. ШҚО өрт сөндіру қызметі 10 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168776-shymkentte-kopqabatty-uiden-ort-shygyp-37-adam-qutqaryldy/