Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басшылық берекемізді алды": Алматыда жұмыссыз қалған саудагерлер шағым айтты

Жарияланған күні:

Саудагерлер
Жұмыссыз қалдық деп шағымданған саудагерлер. Фото: almaty.tv

"Базар басшылығы берекемізді алды" деп базынасын айтып жиналғандар 8 жыл тер төккен сауда орнымнан бір күнде айырылған. Ал базар басшылығы заң шеңберінен шықпағанын айтып, ақталды, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, саудгерлераяқ асты нәпақа тауып отырған сауда орындарын айырылып қалғн айтты. Олрдың сөзінше, базар бастығы босат деп базар бастығы пәрмен бергенмен, нақты себебін айтпаған.

"Кеше жұмысқа келсем, есіктер жабық. Екі күннен бері жұмысқа шыға алмай жатырмыз. Біз пәтер жалдап тұрамыз, үш балам бар. Несие төлеймін, енді жұмыссыз отырмыз", - деді сатушы Зульфира Ибрагимова.

Шағым айтушылар "саудагерлерді алалап, өз адамдарын қойып жатыр" дейді.

Альмира Әлиева да осы базардан жұмыс бастап, нан өнімдерін өңдеп сатқан. Ол орынды сатып алып, кейін ай сайын жалға алу ақысын төлеп отырған.

"Сегіз жыл бұрын жұмыс бастадым. Базар басшылығы еш себепсіз қуып шықты. Басында түрлі сылтау айтып кедергі жасай бастады. Қолымда талон бар, орынды сатып алғанмын. Енді келісімшартты бұзып жатыр", - деді наубайхана әкімшісі Альмира Алиева.

Ал базар басшылығы "заң шеңберінен шықпадық" деп ақталды. Олардың айтуынша, базар мен саудагердің арасындағы келісімшартты бұзуға негіз бар. Сондықтан сауда орындарын реттеп жатырқанын жеткізді.

"Белгісіз себептермен жалға алушылар орынды қайтарып берген жоқ. Қоғамдық тамақты мүлдем жойып жатырмыз. Мекемеде жабайы сауда жоқ", - деді "Алатау" базарының заңгері Гауһар Жамаубаева.

Тілші хабарлауынша, шағымын айтып жиналғандар сотқа арыз жазбақ. Жетісу әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі мен прокуратурасына хат жолдайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168967-basshylyq-berekemizdi-aldy-almatyda-zhumyssyz-qalgan-saudagerler-shagym-aitty/