Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда ер адамды атып кеткен күдікті іздестіріліп жатыр

Жарияланған күні:

Түркістанда ер адамды атып кеткен күдікті іздестіріліп жатыр
Түркістанда ер адамды атып кеткен күдікті іздестіріліп жатыр. Скриншот: t.me/kozachkow

Түркістан қаласында бірнеше күн бұрын ер адамдар арасында атыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде жарияланған видеодан бірнеше ер адам келісімге келе алмаған соң, бірі екіншісіне оқ атқанын байқауға болады. Видеоның сипаттамасында кездесуге Түркістандағы спорт мекемелерінің бірінің директоры да келгені, бірақ ол оқ атылғаннан кейін кетіп қалғаны жазылған.

Алайда облыстық полиция департаменті спорт мекемесі өкілдерінің жанжалға қатысы бар деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің жеке басы анықталған.

"Түркістан қаласында тұрмыстық жанжал кезінде қаруды қолдану фактісі орын алып, нәтижесінде жергілікті тұрғын зардап шеккен оқиға бойынша Түркістан облысының полициясы қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталған, қазіргі уақытта оны ұстау мен оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру мен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Спорт мекемесі өкілдерінің жанжалға қатысы бар деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Барша азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, Алматыда ер адам жолдағы жанжал кезінде көлікке тапаншадан оқ атқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169100-turkistanda-er-adamdy-atyp-ketken-kudikti-izdestirilip-zhatyr/