Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мөрді бір айдан астам уақыт қолданған": елорда базарында жалған ветеринарлық таңба басылған ет сатылған

Жарияланған күні:

Астанада жалған мөр басылған ет сатылған
Астанада жалған мөр басылған ет сатылған. Фото: polisia.kz

Елорда базарында жалған ветеринарлық мөр басылған ет сату фактісі анықталды. Ұсталған адам мөрді бір айдан астам уақыт бойы қолдана отырып, Астана базарында ет сатуға рұқсат беру үшін әкелінген ет өнімдерін "тексеруден" өткізген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

Ішкі істер органдары өкілдері мал ұрлығымен айналысатын адамдарды анықтау, сондай-ақ ет және ет өнімдерін сату саласындағы құқыққа қайшы қызмет бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Астана қаласының полиция қызметкерлері ІІМ криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен Астана қаласының базарларының бірінде етті кедергісіз өткізу мақсатында жалған мөрді пайдалану фактісінің жолын кескен.

Ұсталған базар сатушысынан жеке тінту кезінде ветеринариялық бақылаудан өткені туралы ауылшаруашылығы жануарларының ұшаларына мөр басуға арналған жалған мөр тәркіленген.

"Ұсталған адамның АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекциясына ешқандай қатысы жоқ және зертханалық зерттеулер жүргізілмегені анықталды. ​Мөрді бір айдан астам уақыт бойы қолдана отырып, ол Астана базарында ет сатуға рұқсат беру үшін әкелінген ет өнімдерін "тексеруден" өткізген", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Астана қаласы АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына хабарламалар жіберілді, оған ет өнімдерін сату бойынша нарық қызметін тексеру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

​ІІМ мәліметінше, ұсталған адамның және базар әкімшілігінің мал ұрлығына және ұрланған етті сатуға қатысы бар-жоғын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169145-mordi-bir-aidan-astam-uaqyt-qoldangan-elorda-bazarynda-zhalgan-veterinarlyq-tangba-basylgan-et-satylgan/