"Өсек айтқанша, дене шынықтыру керек": 73 жастағы әженің турниктегі жаттығуы жұртты сүйсінтті
Жарияланған күні:
Спортты жанына серік еткен 73 жастағы шымкенттік Гүлсара Әбсаматованың турниктегі жаттығуы көпшілікті таңғалдырды. Спортшы әженің сөзінше, бұл жаттығудың денсаулыққа оң әсері өте көп. Бұл туралы әжей Qazaqstan арнасындағы "1001 түн" бағдарламасына берген видео сұқбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бос сөзге уақыт жоғалтпай, спортпен айналысқан дұрыс дейді қария.
Шымкенттік Гүлсара Әбсаматова жасы жетпістен асса да, бұқаралық спорт орындарында жаттығуды қолға алған. Спортшы әженің айтуынша, сәуір айынан бастап осы жерге келіп жүріп, турниктегі жаттығуларды да үйреніп алған. Әже күніне 2-3 сағат уақытын жаттыу алаңында өткізеді екен.
"Негізі 5-сыныптан акробатикаға қызығатынмын. Кейін тастап кетіп едік, енді қолға алып жатырмын. Тыңдайтын адам жоқ, әйтпесе спортпен айналысудың денсаулыққа әсері керемет. Ең алдымен миың тынығып, артық ойдан арыласың.
Өсек айтқанша, дене шынықтыру керек. Жалғыз жаттығамын. Басында сол жерде жаттығып жүрген ер азаматтар "апа, құлап қаласың" деп алаңдайтын. "Маған олай айтпаңыздар" дедім. Кейін олар менің әріптестерім сияқты болып қалды. Қатарластарымды шақырып жатқан жайым бар, құпия түрде де спортпен айналысыңдар деп айтып жатамын", - деді Гүлсара Әбсаматова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169183-osek-aitqansha-dene-shynyqtyru-kerek-73-zhastagy-azhening-turniktegi-zhattyguy-zhurtty-suisintti-video/