Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айтуға әлі ерте": ауыл шаруашылығы вице-министрі ұн бағасы туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

қамыр
Қамыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы сенат отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында еліміздегі бидай қоры туралы журналистердің сұрағына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі жиналған егіннің 70-80 пайызы сапалы екенін мәлімдеді.

"Оңтүстік өңірлерде егін орағы аяқталды, ал солтүстікте жалғасып жатыр. Қазір жиналған бидайдың 60-70 пайызы сапалы. Жиналатын бидай Қазақстанға да, ұнды өндіретін кәсіпорындарға да жетеді. Осылайша бидай өңдеуді, оның ішінде терең өңдеуді қамтамасыз ете аламыз. Елімізде жиналауы керек бидайдың қоры экспортты кеңейтуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Вице-министр ұнның бағасы туралы әзір айта алмайтынын мәлімдеді.

"Ұнның бағасы қандай болатынын айтуға әлі ерте. Себебі нарықтағы жағдай құбылмалы, бидайдың бағасы нақтыланып жатыр. Сондықтан бидайдың бағасын болжай алмаймын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169271-aituga-ali-erte-auyl-sharuashylygy-vitse-ministri-un-bagasy-turaly-pikir-bildirdi/