Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жәрмеңкедегі азық-түлік базардағыдан қымбат па: ауыл шаруашылығы вице-министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Жәрмеңке
Жәрмеңке. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжаханұлы Астанаға өңірлерден келетін жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы туралы журналистердің сұрағына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сенат отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистер ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжаханұлынан Астанада әр сенбі сайын өтетін өңірлер жәрмеңкесінде баға базардан қымбат екенін айтты.

Вице-министр мұндай ақпаратты тексеретінін, министрлік жүргізіп отырған мониторингке сәйкес, бағалар талапқа сай екенін айтты.

"Жәрмеңкені Сауда және интеграция министрлігі мен Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырады. Біз апта сайын мониторинг жүргізіп отырамыз. Бағалар талапқа сәйкес келеді. Жәрмеңкені өткізудегі басты мақсат - азық-түлікті қолжетімді бағада сатып алу. Жәрмеңкеде бағалар қымбаттайды деген ақпаратқа қатысты жауапты министрлікпен, әкімдікпен бірлескен тексеріс жүргіземіз. Бізде әзірге жәрмеңкедегі баға базардан қымбат деген ақпарат келген жоқ. Қорытындысын хабарлайтын боламыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169273-astanada-zharmengkedegi-azyq-tulik-bazardagydan-qymbat-pa-auyl-sharuashylygy-vitse-ministri-zhauap-berdi/