Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда суицидке итермелейтін контенті бар Telegram-арна анықталды

Жарияланған күні:

Телефондағы әлеуметтік мессенджерлер
Телефондағы әлеуметтік мессенджерлер. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы прокуратурасы өз-өзіне қол жұмсау контентінің қолжетімділігін шектеді. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Бас прокуратура ақпаратынша, Алматы қаласының прокурорлары күйзелістік контенті бар Telegram-арнасын бұғаттау шараларын қабылдады.

Тексеру барысында 67 оқырман әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды.

2024 жылы 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды.

Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды.

Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169378-almaty-prokuraturasy-suitsidke-itermeleitin-kontentti-shektedi/