Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

74 жастағы түркістандық қария бөренені 10 рет көтеріп, жұртты таңғалдырды

Жарияланған күні:

Бөрене көтеріп жатқан қария
Бөрене көтеріп жатқан қария. Фото: t.me/turkistanoblysy

Түркістанда 74 жастағы қария 45 кг бөренені 10 рет көтеріп, дүйім жұртты таңғалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістандағы этноауылда Ордабасы ауданының мәдениет күндері аясында ұлттық құндылықтар насихатталып, спорт түрлерінен сайыстар өтті. Іс-шараны тамашалауға келген түркістандық 74 жастағы қария 45 кг бөренені он рет көтеріп, дүйім жұртты таңғалдырды. Сонымен қатар арқан тарту, қазақша күрес, қол күрес, асық ату, қошқар көтеру, ләңгі тебу секілді ұлттық ойындар дәріптелді. Белсене атсалысып, жеңіп шыққан қатысушылар марапатталды.

Шара барысында ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік салаларының көрсеткіші мен өнімдерінен және "Ордабасы тартулары" атты ұлттық тағам көрмесі, қолөнер шеберлерінің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. "Темірлан" халық театры мен "Жас толқын" балалар мен жасөспірімдер театры Алтыбақан маңында "Ақ сүйек" театрландырылған қойылымын көрсетті. Ордабасы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған "Ордабасы" фольклорлық халық ансамблінің әуезді әндері мен дала сарынына айналған күйлері рухани-мәдени шараның сәнін келтірді.

Бүгін, 3 қазанда "Керуен сарай" туристік кешенінде 19:00-21:00 аралығында Еркін Нұржанов, Жанел Нұржанова, Асқар Жүнісбеков, Асқар Қалмырза сынды танымал өнер шеберлерінің қатысуымен "Ордабасы – құт мекенім" атты гала-концерт өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169385-74-zhastagy-turkistandyq-qariia-boreneni-10-ret-koterip-zhurtty-tanggaldyrdy-video/