Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Telegram-да ақау пайда болғанын айтты

Жарияланған күні:

Telegram мессенджері
Telegram мессенджері. Көрнекі фото: pixabay.com

Желі қолданушылары Telegram қосымшасындағы ақауға шағымдануда. Бүгін қазақстандықтар мен басқа елдердің тұрғындарында қиындықтар туындаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары хабарламалар мен фото-видеолардың ұзақ жүктелетініне шағымданды. Мұндай қиындықтар мобильді нұсқада да, компьютердегі нұсқада да пайда болды.

Downradar.ru сайтының хабарлауынша, басқа елдің тұрғындары да осындай жағдайға тап болған. Ресей, Беларусь, Украина, Латвия және басқа да мемлекеттерде Telegram қолданушылары қиындықтарға шағымдануда.

Downdetector.su сайтында пайда болған ақпаратқа сәйкес, қосымшадағы ақаулар Астана уақытымен сағат 15:00-ден кейін басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169435-qazastandyqtar-telegram-dagy-aqauga-shagymdandy/