Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ҰОС ардагерлеріне берілетін біржолғы төлем 5 млн теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Жарияланған күні:

Соғыс ардагері
Соғыс ардагері. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Жеңістің 80 жылдығына орай біржолғы төлемдерді ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдің ақпаратынша, бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына дайындық мәселесрі талқыланған қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді.

Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов Алматыда жоғары деңгейде ТМД елдерінен келген делегациялардың қатысуымен ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына арналған халықаралық акция өткенін атады.

Ардагерлер кеңесінің мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы төлемдерді арттыру мүмкіндігін жақсы қабылдады. Қала басшысы келесі жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлемдерді 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін, ал тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Ерболат Досаев биыл ҰОС ардагерлеріне берілген төлемдер 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін көбейгенін еске салды.

"ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлемдерді 5 млн теңгеге дейін арттыруға мүмкіндігіміз бар, тыл еңбеккерлеріне төлемді 100 мың теңгеге дейін жеткіземіз, яғни екі есеге арттырамыз. Сіздің өтінішіңіз негізінде келесі жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде мәслихатқа осындай ұсыныс енгіземіз", - деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыда 31 ҰОС ардагері мен 8 мүгедек тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169453-almatyda-uos-ardagerlerine-beriletin-birzholgy-tolemder-5-mln-tenggege-deiin-zhetui-mumkin/