Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"171 млн теңге залал келтірген": Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Жарияланған күні:

Ақша
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Шымкентте "Пайызсыз баспана" атты қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокуратура мәліметінше, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен қаржы пирамидасын құру және оған басшылық етумен "Пайызсыз баспана" тұрғын үй ұйымының басшысы мен қызметкерлері 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

"Сот талқылауы барысында сотталушылар Шымкент, Алматы, Астана қалаларында 2019-2021 жылдары аралығында Instagram әлеуметтік желісі арқылы ақша салымшыларды тартып, төмен бағамен баспана ұсынуға уәде берген.

Қылмыстық схемаға сәйкес бұдан әрі салымшылардың қаражатына өздерінің қажеттілігі үшін жылжымалы және жылжымайтын мүліктер алғандары анықталды, 134 жәбірленушіге 171 млн теңгеден астам көлемде залал келтірілген", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, мамырда Көкшетауда Chia Tai Tianging қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғыны сотталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169468-171-mln-tengge-zalal-keltirgen-shymkentte-qarzhy-piramidasyn-uiymdastyrushylar-sottaldy/