Алматыда Ішкі медицина мамандарының бірінші ұлттық конгресі жұмысын бастады
Жарияланған күні:
Қазақстан, Қырғызстан, РФ, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Германия, Түркия, Швеция мен Украина ішкі медицинасының әр бағыттағы жетекші мамандарын бір алаңда біріктіретін ауқымды іс-шара біздің елімізде алғаш рет өтіп отыр.
Ұйымдастырушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Қазақ ішкі медицина мамандарының қауымдастығы және Қазақ ішек ауруларын зерттеу жөніндегі ғылыми қоғамы болып табылады.
Конгреске еліміздің барлық өңірлерінен келген 3350-ден астам дәрігер қатысуда (350 - оффлайн и 3 000-нан астамы - онлайн), олар: терапевттер, жалпы практика дәрігерлері, эндокринологтар, кардиологтар, кардиохирургтар, реаниматологтар, интервенционистер, нефрологтар, аллергологтар, ревматологтар, пульмонологтар, гематологтар, гастроэнтерологтар, эндоскопистер, орфандық ауруларды бақылауға тартылған мамандар.
Конгресстің міндеті: ішкі медицинаның негізгі бағыттары бойынша заманауи теориялық және практикалық тәжірибені біріктіру. Қатысушылар диагностика мен емдеудің әлемдік трендтерін, ынтымақтастық мәселелерін талқылауда. Конгресс еліміздегі медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін білім мен үздік клиникалық тәжірибелерді шоғырландыру алаңына айналдыруға бағытталған.
Дәрігерлер мен ғалымдар заманауи клиникалық практиканың өзекті мәселелерін, ауруларды диагностикалау мен емдеудегі жаңа ғылыми тәсілдерді талқылауда. Іс-шара терапия, ревматология, кардиология, эндокринология, гастроэнтерология, нефрология, аллергология және басқа да салалардағы бірлескен жұмыс пен үздік тәжірибелерді шоғырландыру үшін бірегей алаңға айналып отыр.
"Тарихи тұрғыдан алғанда, Кардиология және ішкі аурулар институты өз алаңында ішкі медицина мамандарын бірге жинап отыр. Бүгінде біз институтта қалыптасқан дәстүрлерді жалғастырушымыз, өйткені мұндай форумдар аса маңызды, олар бізді бір мақсатқа жетелейді –денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, пациенттеріміздің денсаулығын нығайтуға және өмір сүру сапасын арттыруға ұмтылуда біріктіреді", - деп атап өтті Басқарма Төрағасы Марат Пашимов.
"Біздің институт терапиялық бейіндегі пациенттерге мамандандырылған көмекті дамытып, енгізу үстінде. Көптеген созылмалы инфекциялық емес ауруларды емдеуде ерте диагностикалау мен терапияның түрлі жаңа технологияларын үздіксіз енгізудеміз. Институтта орфандық және эндокриндік патология, диабеттік табан бойынша мамандандырылған орталықтар, сондай-ақ ішектің қабыну аурулары бар науқастарға арналған орталық және нутритивтік қолдау кабинеті жұмыс істей бастады. Бұл тәсіл терапияның тиімділігін арттырады және ішкі ағзалардың түрлі ауруларын емдеу нәтижелерін жақсартады", - дейді Марат Орынбасарұлы.
Іс-шара бағдарламасында: халықаралық тәжірибесі бар сарапшылардың баяндамалары, панельдік пікірталастар, клиникалық жағдайларды талдаумен практикалық сессиялар, сондай-ақ жеңімпаздар марапатталатын Жас ғалымдар байқауы.
Неліктен бұл конгресті өткізу маңызды?
Медициналық технологиялардың қарқынды дамуы мен денсаулық сақтаудың жаһандануы жағдайында тәжірибе мен білім алмасу маңыздылығының өзектілігі артып отыр. Ішкі медицина мамандарының бірінші ұлттық конгресі Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге, терапевт дәрігерлер мен аралас мамандық дәрігерлері жұмыс барысыныда кездесетін ауруларды диагностикалау мен емдеу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметі, телефоны: 87017020346, эл.почта: sulushash777@mail.ru
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169510-almatyda-ishki-meditsina-mamandarynyng-birinshi-ulttyq-kongresi-zhumysyn-bastady/