Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

TikTok өкілдері Қазақстанда әлеуметтік желіні бұғаттауды ұсынған депутаттың сынына жауап берді

Жарияланған күні:

TikTok
TikTok. Көрнекі фото: NurPhoto/Getty Images

Депутат TikTok әлеуметтік желісін әлеуетті қауіпті деп атап, бірқатар шартты алға тартып, олар орындалмаған жағдайда платформаны блоктауды ұсынды. ТикТок өкілдері бұл сынға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

NUR.KZ тілшісі сенатта айтылған платформа сынына орай түсініктеме алу үшін TikTok баспасөз қызметіне жүгінді.

Жергілікті қауымдастықтың қауіпсіздігі TikTok-тің абсолютті басымдығы болып саналады, делінген жауапта.

"TikTok өшпенділік тудыратын әрекеттерге немесе жеккөрушілік идеологиясын насихаттауға немесе платформада зорлық-зомбылық пен өшпенділікті насихаттайтын жеке тұлғалардың немесе ұйымдардың болуына жол бермейді. Біз мұндай контентті өшіріп тастаймыз", - делінген ресми мәлімдемеде.

Сондай-ақ компания өкілдері TikTok 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға арналмағанын мәлімдеді.

"Жасы кіші пайдаланушылар қолданбаны пайдаланбауы үшін бізде индустрия стандарттарына сәйкес келетін тіркеу формасы бар, ол жерде туған күнді толық көрсету талап етіледі.

Біз модераторларды үнемі оқытып отырамыз және 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі аккаунттарды анықтауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған модерация технологиялары бар. Модерация бұған сенімді болғанда, аккаунт бұғатталады.

TikTok иелері 13 жасқа толмағандықтан жойылған аккаунттар санын көпшілікке жариялаған алғашқы ірі платформа болды. 2024 жылдың қаңтар-тамыз аралығында TikTok Қазақстанда 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі 1 239 635 аккаунтты жойды, ал өткен жыл ішінде олардың саны 1 842 467 аккаунт болған", - деп атап өтті TikTok платформасының баспасөз қызметі өкілдері.

Компания өкілдері 13 жастан асқан жасөспірімдердің ата-аналары үшін TikTok баласының онлайн өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін бақылау құралын ұсынатынын атап өтті.

"Отбасы баптауларын" пайдалана отырып, ата-ана өзінің TikTok-тағы аккаунтына жасөспірімнің аккаунтын байланыстыра алады және экран уақытын шектеу, аккаунттың құпиялылық параметрлері, жеке хабар алмасу параметрлері және т.б. сияқты бірқатар маңызды параметрлерді бақылай алады", - деп хабарлады желінің Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі. Осы орайда олар ата-аналарды "Отбасылық баптаулар" сияқты бақылау құралдарын пайдалануға шақырды

Айта кетейік, бүгін, 3 қазанда сенат отырысында депутат Геннадий Шиповских Қазақстанда TikTok-қа шектеу қою туралы мәселе көтерген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169550-tiktok-okilderi-qazaqstanda-aleumettik-zhelini-bugattaudy-usyngan-deputattyng-synyna-zhauap-berdi/