Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай ойнап, жел күшейеді: еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Найзағай
Найзағай. Фото: pixabay.com

4 қазанда еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды – жел күшейіп, найзағай ойнайды, үсік жүреді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

4 қазанда Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ертең Ұлытау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жұма түнде Жетісу облысының орталығында 2 градус үсік жүреді деп болжанды.

4 қазанда Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ертең түнде Түркістан облысының тауларында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды деп болжанды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Жұма күні Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

4 қазанда Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтсүтігінде, оңтүстік-батысында күші 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жұмада Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

4 қазанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ертең Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169558-naizagai-oinap-zhel-kusheiedi-elimizding-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/