Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев неліктен ата-ана құқығынан айырылмады: Астана соты жауап берді

Жарияланған күні:

Бишімбаев сот залында
Бишімбаев ісі бойынша өткен сот отырысынан. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астана қаласының Сот әкімшілігі департаменті Назым Қаһарманның Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы талап арызы неліктен қанағаттандырылмағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жауапта Назым Қаһарманның талап арызы бойынша іс Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралғаны, алайда талап арызы қанағаттандырылмағаны атап өтілген.

Сот шешімі ата-аналарды "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 75-бабында көзделмеген негіздер бойынша ата-ана құқықтарынан айыруға болмайтындығымен түсіндірілді.

Сот Кодекстің 75-бабына сәйкес ата-аналар ата-ана құқығынан мынадай жағдайлар кезінде айырылатынын мәлімд:

  • егер ата-аналық міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
  • өз баласын перзентханадан (бөлімшеден), жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардан және өзге де ұйымдардан алып кетуден дәлелді себептерсіз бас тартса;
  • ата-ана құқықтарын асыра пайдалану;
  • балаға қатыгездікпен қарап, оған физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасалса, оның жыныстық қол сұғылмаушылығына қастандық жасалса;
  • құмар ойындарды, бәс тігулерді, алкогольдік сусындарды немесе есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және (немесе) олардың аналогтарын теріс пайдаланса.

"Сотталушының балалардың денсаулығына, адамгершілік тәрбиесіне, дене, психикалық, рухани дамуына, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етілуіне, балаларды оқытуға және еңбекке дайындауға мән бермегендігі, сондай-ақ дәлелді себептерсіз оларды асырамағаны туралы дәлелдер сотта ұсынылмады", - деп хабарлады Астана қаласы Сот әкімшілігі департаменті.

Сотта шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169735-bishimbaev-nelikten-ata-ana-quqygynan-aiyrylmady-astana-soty-zhauap-berdi/