Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдегі қазақстандықтар жалпыреспубликалық референдумға қатыса ала ма

Жарияланған күні:

Бюллетень салып жатқан ер адам
Сайдауда дауыс берген ер адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша 6 қазанда өтетін жалпыреспубликалық референдумына шетелдегі отандастарымыз да қатыса алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасындағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 59 шет мемлекетте 74 референдум учаскесі құрылды.

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және азаматтың жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары референдум учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде дауыс беру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2024 жылғы 6 қазан, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169801-sheteldegi-qazaqstandyqtar-zhalpyrespublikalyq-referendumga-qalai-qatysa-ma/