Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында сібір жарасының алдын алу үшін үй жануарларына екпе салынады

Жарияланған күні:

Қойлар
Қойлар. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысында сібір жарасының алдын алу үшін үй жануарларына 6,6 млн дана екпе егіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кейінгі жылдары елімізде адамдар арасында Сібір жарасы ауруы тіркеліп жатыр. Жыл басынан бері аталған ауру бойынша күдікті 35 жағдай тіркеліп, 14-нің диагнозы расталған. Бұл туралы брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді.

"Сібір жарасы – қауіпті әрі жұқпалы ауру. Жануарлардан адамға жұғады, ал адамнан адамға жұқпайды. Өздеріңізге белгілі, облыс халқының 70 пайыздан астамы ауылды жерлерде тұрады. Оның ішінде ауыл тұрғындарының басым көпшілігі мал ұстайды. Жара жануарлардан, мал сойғанда, малға күтім жасағанда, ауру малдың етін қолданғанда жұғады", - деді Елемесов.

Сондай-ақ брифингте өңірдегі ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Мұхтарұлы аймақтағы Сібір жарасының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан екпе жұмыстары туралы мәлімдеді.

"Биылғы жылы ауыл шаруашылығы жануарларына Сібір жарасы ауруына қарсы 6,6 миллион дана екпе салу жоспарланған. Қазіргі таңда 9 ай қорытындысымен 5 498 000 екпе егілді. Сібір жарасының көмінділері бойынша 1948-2023 жылдары аралығында 394 қолайсыз ошақ тіркеліп, оның 326-сы анықталған. Жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 50 метрлік радиуста 310 ошақ арнайы ертінділермен залалсыздандырылды", - деп баяндады спикер.

Еске салайық, 1 қыркүйекте Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округінде сібір жарасына күдікті төрт жағдай тіркелген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169849-turkistan-oblysynda-sibir-zharasynyng-aldyn-alu-ushin-ui-zhanuarlaryna-ekpe-salynady/