Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді сол кісінің сүйікті оқушысы сезінетінмін": депутат Аймағамбетов алғашқы ұстазы жайлы айтты (видео)

Жарияланған күні:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Видеодан кадр: oyankhabar

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов алғашқы ұстазы жайлы естелігін бөлісті. Ол "Оян" бағдарламасына берген сұқбатында мұғалімнің бала өмірінде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын айтты.

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, ол бастауыш сыныпта өзін ұстазының ең сүйікті оқушысымын деп ойлаған. Ал бұл мұғалімнің шеберлігін көрсетіп отыр, дейді бұрынғы министр.

"Бізді қалыптастыруда ұстаздардың рөлі ерекше. Менің ең алғашқы ұстазым – Любовь Валентиновна болған. Бастауыш сыныпта оқығанда "Осы мұғалім мені ең қатты жақсы көреді" деп ойлайтынмын. Өйткені қасыма келіп, жымиып күліп, басымнан сипап, ерекше қамқорлық танытатын. Біраз уақыт өткеннен кейін өзіммен бірге оқыған сыыптастарыммен кездесіп, мұғалім туралы әңгіме айтып отырғанда түсінгенім: біздің сыныптағы әр бала өзін осылай сезінген екен.

Міне, мұғалімнің шеберлігі қандай? Сонда әр бала өзін мұғалімнің ең жақсы көретін сияқты сезінуі...Әрине, бұл оқуға құштарлығыңды ашады, сенім береді. Сенім болса, сен мектепке қуана баратын болсаң, мұғалім сені жақсы көретінін, сондай қамқорлығымен қорғайтынын білетін болсаң, әрине, баланың оқуға дейін зейіні, көңілі бөлек болады.

Сондықтан мұғалімдерімді әрқашан жақсы естеліктермен есіме аламын. Ол министр болсын, депутат болсын, біздің өмірімізде үлкен рөл ойнайтын – мұғалім", - деді Асхат Аймағамбетов.

Осы тұста мәжіліс депутаты ұстаздарға қарыздар екенін айтып, алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169858-ozimdi-sol-kisining-suiikti-oqushysy-sezinetinmin-deputat-ashat-aimagambetov-algashqy-ustazy-zhaily-aitty-video/